- Негізгі бет
- Техно
- 1 ТБ: Жад...
1 ТБ: Жад карталарының жаңа деңгейі
Барселонада өтіп жатқан Mobile World Congress 2019 халықаралық көрмесінде Micron және SanDisk брендтері microSD форматындағы бірегей жад карталарын таныстырды. Карталардың ерекшелігі сол, сыйымдылығы – рекордтық 1 терабайт. Бұған дейін ең көлемді microSD карталар 512 ГБ болған еді.
Micron карталарының ақпаратты оқу жыламдығы – секудына 100 МБ, ал SanDisk карталарында – секундына 160 МБ.
Аталған карталардың бағасы әзірге қымбаттау. Мысалы SanDisk-тің 1 ТБ картасы қазір 449,99 доллар тұрады. Өндіруші сондай-ақ 199 долларға 512 ГБ карталарды да ұсынады. Micron болса өз карталарының бағасын айтпады. Жаңа өнімдер әлемдік нарыққа 2019 жылдың екінші кварталында шығады.
1 ТБ жады тек карталарда емес, смартфондарда да пайда бола бастады. Мысалы 20 ақпанда Samsung компаниясы таныстырған Samsung Galaxy S10 Plus смартфонының негізгі жады – 1 ТБ.
Massaget.kz