Австриялық дизайнер Криштоф Ретезар велосипедшілерге арнап Fontus "ақылды" бөтелкесін ойлап тапты. Ол суды ауадан алады. Бұл гаджет саяхатшыға ұзақ жолдағы аялдамалар арасында қажет болады.
Конденсациялау арқылы алынған сұйықтықтан су шығаратын гаджет велосипедке бекітіліп, жүріс барысында жұмыс істей береді. "Ауада әрқашан ылғалдың қандай да бір пайызы міндетті түрде болады. Тіптен шөл далада жүрсеңіз де, яғни қай жерде орналасқаныңыз маңызды емес" , - деп түсіндірді өнертабыс авторы Криштоф Ретезар.
"Ақылды" бөтелке күн батареясымен жұмыс істейді. Гаджет ішінде су жұқпайтын бет бар. Ол ауаны салқындатып, соның әсерінен конденсацияланады. Егер орта қолайлы болса, яғни 30–40°C температурада және 80–90% ылғалдылықта Fontus өнімділігі сағатына шамамен 0,5 л суды құрайды. Сонымен қатар гаджеттің тәжірибелі үлгісінде бөтелкеге шаң және ұсақ жәндіктер өткізбейтін арнайы сүзгі берілген.
Өндіруші атмосферадағы лас заттардан суды тазартатын қандай да бір әдісті ойлап табуды жоспарлап қойған. Алайда Криштоф Ретезардың айтуынша, бұл міндетті емес. Себебі гаджетті жасау кезінде қала сыртында жүретін велосипедшілерге арналып жоспарланған болатын. Өзіміз білетіндей ол жерлердегі ауа қаладағыға қарағанда әлдеқайда таза. Жаппай өндірістен соң, бір құрылғының бағасы шамамен 100 долларды құрауы мүмкін.