- Негізгі бет
- Техно
- VR (виртуалды...
VR (виртуалды ақиқат) негізін қалаушы
VR құрылығысының алғашқы дисплейі 1960 жылдары пайда болды: ол ірі, ыңғайсыз әрі қымбат болатын. Одан кейінгіонжылдықта көптеген компаниялар бұл технологияларды дамытуға тырысып бағады. Дегенмен, қаржылық және технологиялық қиындықтарға тап болды. Палмер Лаки Oculus Rift құрылғысының негізін қаламағанда бұл өнертуындысының дамуы әлі бірнеше жылға кейінге шегірілетін еді.
«Біздің ойымызша, бір күні витуалды ақиқат әлемі миллиардаған адамдардың күнделікті өмірінің бір бөлігене айналады – деп жазады ол – Оның адам баласына беретін эффектісі арқылы кез келген кеңістік пен тәжірибе арасын еркін бөле аламыз»
— Марк Цукерберг Палмер Лакимен әріптестік қарым-қатынасы жайында.
Үй жағдайында білім алу және видео ойындар:
Лаки Калифорния штатында, Лонг-бич қаласында көліктер саудасымен айналысатын ер азамат пен үй шаруасындағы әйел адамның отбасында дүниеге келеді. Өзінен кейін үш қарындасы болатын.
Бала кезінде Палмер анасының қарауында үй жағдайында білім алады. Бал кезінен басты құштарлығы видео ойындар (Chrono Trigger және GoldenEye 64) ғылыми-фантастикалық фильмдерді қарау болатын. («Матрица» және «Газонокосильщик»). Кейін бұның бәрі оның арманы витуалды ақиқат құрылғысының негізін қалауға әсер етті.
Америкалық қойма мен алғашқы табыс:
Болашақтың технологиясын құрастыру арманы оны қоймаға алып келген еді. Шағын қойма өнертапқыштың шаын шеберханасы-тұғын. Болашақтағы үлкен компаниялардың негізі қоймада қаланған десек те артық болмайды. 16 жасында Лаки ескірген гаджеттерді қолдану арқылы түрлі тәжірибе жасап көреді. Гаждет бөлшектерін ол eBay-дан арзан бағамен сатып алады. Өзінің жинағына ақша табу үшін ол ескі iPhone сатып алып, оларды жөндеп, кейін сатады. Осылайша оған алғашқы 30000$ көлемінде ақша табу мүмкіндігі пайда болады .
Алғашқы прототиптер:
17 жасында Лаки Калифорния штатының Университетіне түседі. Оқуда жүріп, ол VR технологиясын жетілдіре бастайды. Ескі нұсқалардан көңілі қалған ол, өзінің жаңа нұсқасын жасақтай бастайды. Алғашқы түрін 18 жасында жасайды. Ол 90 градус кеңістікте айналады. Кейін араға 10 ай салып одан бөлек 5 прототипін жасайды: 3D, 270 градустық айналмалы нұсқасы тізімге енеді. Жас өнертапқыш өзінің жетістіктерін краудсорсинг форумдарда есеп ретінде жариялайды. Форумға кірушілер оған қосымша ақыл-кеңестерін береді.
Видео ойындар көрмесі және алғашқы инвестиция:
Краудсорсинг кеңістігіне жиі кіретіндердің бірі атақты видео ойындардың құрастырушысы Джон Кармак. Джонды бірден Палмердің жұмысы қызықтыра бастайды. Оған Sony құрылғысын жетілдіруге кеңес береді. Дегенмен, ол оның орнына өз прототипін ұсынады. E3 ойындар көрмесінде Джон Oculus Rift шлемінің көмегімен құрастырылған Doom 3 ойының демо-нұсқасын көрсетеді. Осылайша, Лаки өзінің жобасына Брендан Айрайбтың атынан бірнеше жүз мың доллар көлемінде инвестиция алады.
Краудфандинг және компанияның алғашқы қадамы:
Палмер алғашқы жетістігінен кейін жаңа әрі жетілген прототип құрғысы келеді: оған керекті құрылғылар жеткіліксіз болады. Ол инвесторлар іздеудің жаңа стратегиясын құрайды. Ол көмекке краудфандинг бағдарламасына сүйенеді. Палмер Kickstarter компаниясын құрып, $250 000 қаражат жинауға үміттенеді. Аса сенбеседе, ісі сәттілік алып келіп, жоспарланған сома екі сағатта жиналады. Араға ай салып, 2,5 млн доллар көлемінде қаражат жинақталады. Сол сәттен бастап Oculus VR компаниясының даму кезеңі басталады. Палмер кәсіпкер емес, өнертапқыш екенін жақсы ұқты. Сондықтан, компанияның директоры алғашқы инвесторы Брендан Айрайб болса, теникалық директоры қызметін Джон Кармак атқарды. Ал, Лаки болашақ технологияның негізі қалаушы болып қалды.
Т. Есқали