Google компаниясы ағымдағы жылдың соңына дейін өзінің танымал Play Music музыкалық сервисін жабу ниетінде. Оның орнын мүлде жаңа бағдарлама YouTube Remix басады. YouTube Remix музыкалық қызметі жайында өткен жылдың аяғында айтыла бастаған еді. Сол кезде жаңа сервис YouTube-қа Spotify және Apple Music-пен бәсекелесуге көмек көрсетеді делінген болатын. Жаңа бағдарлама Spotify бағдарламасына ұқсап пайдаланушыларға тректерді олардың сұрауы бойынша ұсынып отыратын болады. YouTube музыкалық сервисінің басшысы Лиор Коэнның айтуына қарағанда жаңа сервис Google Play Music және YouTube-тің ең жақсы жақтарын өзіне қамтыған. Жаңа платформаға компания қашан өтетінін мәлімдемеді. Бірақ, YouTube әкімшілігінің соңғы баяндамасында айтылғандай, бұл жайында барлық пайдаланушыларға алдын ала ескерту хаты жіберіледі.