«Астана Опера» театрының солистері Халықаралық балет әртістерінің III байқауында жеңіске жетті. Гран-при сыйлығына балеттің жетекші солисі Бақтияр Адамжан, құрметті бірінші орынға және Астана әкімшілігінің арнайы сыйлығына балет солисі Серік Нақыспеков ие болды.
– Біз көп дайындық жүргіздік. Дегенмен менің бағдарламамбарынша жеткілікті дайындықтан өтті, себебі мен бар күшіммен жұмыс істеуге тырыстым. Ең маңыздысы – сахнаға шығуға байсалдылықпен, шынайы көзқараспен ден қойғанжөн. Сахнаға шығар алдында тепе-теңдікте болу үшін денені дұрыс қыздырып алған абзал, сонда өзіңді жайлы сезінесің. Байқаулар, әрине, маңызды, бірақ театрдың репертуарлы спектакльдеріне қатысу – мен үшін алдыңғы орында. Мен бізді денені дұрыс ұстау тазалығына ден қойып дайындағанұстазымыз, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Константин Евгеньевич Заклинскийгеризашылығымды білдіремін, – деп атап өтті Бақтияр.
Жас, болашағынан үлкен үміт күттіретін солис Серік Нақыспеков, халықаралық байқаулар мен фестивальдарда бірнеше рет жүлделі орындар алып жүр. Талантты биші өзін-өзі дамытудағы үлкен ұмтылыстарымен ерекшеленеді. Сонымен, сайыстың екінші айналымында ол өзі шығарған "Естелік" атты хореографиялық жобасын ұсынды, қазылар алқасы оған лайықты баға берді. Нөмір өте тамаша орындалды, өйткені, әртіс оны дайындаудыәлдеқайда ерте шілде айында бастаған еді. Классикалық хореографияны да әртіс сәтті орындады. Кейін жеңіске ие болған кезде, әртіс өз қуанышымен әлеуметтік желілердегі оқырмандармен бөлісіп, оларға қолдағандары үшін алғыс сезімін білдірді.
Байқаудың төрайымы Алтынай Асылмұратова ер әртістер биыл мықты болғанын, олардың жақсы да күшті секірулерді көрсеткенін, нөмірлерінде эмоциялық жағына елеулі назар аударылғанын айтып өтті.
– Әртістерге арналған байқаулар балет компанияларының өкілдерімен байланыстар қалыптастыруға, өздерін көрсетуге мүмкіндік береді. Біз тамаша әртістерді көрдік, біреудің жолы оңынан болса, біреуге оншалықты сәтті болмай жатты. Өнеріңді көрсету – бұл да өнер, біз солисттердің жан-жақты шеберлігіне қарай біртұтас баға бердік. Мен қазақстандық солистермен таныстым, бұған дейін сіздің балетті көрумаған бұйырмап еді.Заманауи хореография ұнады, әсіресе Серік Нақысбековерекше әсерге бөледі. Мен осы жерде соншама көптеген талантты адамдар бар екендігіне өзімді бақытты сезіндім, - дейді хореограф Стефан Жеромский. 17 қыркүйекте алғашқы екі айналым жеңімпаздарының қатысуымен салтанатты Гала-балет өтті.
Байқаудың 10-17 қыркүйек аралығында өткенін естеріңізге саламыз. Оған алыс және жақын шетелдерден келген 29 әртіс қатысты. Байқау «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының негізінде өтті. Ұйымдастырушы – «Балет және ұлттық биді дамыту және қолдау қоры».