2015 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Түрікменстан Бейтараптылығының 20 жылдығы аясында «Түрікмен суретшілерінің әлемі» атты көркем өнер туындылары көрмесінің ашылуы өтеді. Шара Музейдің «Әлемдік мәдениет және заманауи кескіндеме» жобасы аясында өтеді.
«Түрікмен суретшілерінің әлемі» көрмесін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Түрікмен Республикасының Қазақстандағы Елшілігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастырып отыр.
Көрмеге түрікмен суретшілерінің 40-тан астам кескіндеме және декоративті-қолданбалы өнер туындылары қойылады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Түрікменстанның бейнелеу өнерінде түбегейлі өзгерістер болды. 1994 жылы алпысыншы жылдар суретшілерінің бастамашылығымен және мемлекеттің жан-жақты қолдауымен суретшілердің, мүсіншілердің, дизайнерлер мен сәулетшілердің талантты жас буынына жол ашып берген Түрікменстан Республикасының Мемлекеттік көркемөнер академиясының негізі қаланды.
Түрікмен өнерінің ұлттық ерекшелігі Ч. Амангелдиевтің, Я. Байрамовтың, К. Оразнепесовтың, А. Одаевтың, Г. Бабиковтың, К. Сейитмұхаммедовтың және Е. Адамованың туындыларында тұнып тұр. Бұл шеберлердің картиналары олардың өздері жасаған көркем әлеміндегі жеке күйзелістері, күйбің тіршілікті бейнелі қабылдауысындылирикалық сарындарға толы.
Көрме экспозициясы шеберлердің аға буыны мен шығармашылығы Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан суретшілердің жаңа саңлақтарының туындыларынан тұрады.
Көрме №3 уақытша көрме залында (4 қабат) 23 қазанға дейін созылады.