22, 24 мамырда «Астана Опера» театрының негізгі сахнасында әлем елдерінің жұлдыздары өнер көрсетеді. Каварадосси партиясын Түркиядан келген әйгілі тенор Мұрат Қарахан, зұлым Скарпианы Италиядан келген баритон Элио Фаббиан шырқаса, белгілі қазақстандық опера әншісі, «Астана Опера» театрының жетекші солисті Жұпар Ғабдуллина бас партияда – Флория Тосканы орындайды. Дирижерлық тізгінде – маэстро Джузеппе Акуавива (Италия).
Бұл Анкараның мемлекеттік опера және балет театрының солисті, латвиялық ұлттық операның шақыртылған солисті Мұрат Қараханның, сондай-ақ Миландағы Ла Скала, Венециядағы Ла Фениче және Генуядағы Карло Феличе театрлары сияқты әлемнің беделді сахналарында сәтті өнер көрсетіп жүрген Элио Фаббианның «Астана Опера» театрының сахнасына алғаш рет шығуы. Солисттер қазақстандық көрермендермен кездесуді тағатсыздана күтіп жүргендерін жасырмайды.
Әлем театрларының репертуарынан түспейтін қойылымдардың бірі болып табылатын Дж. Пуччинидің «Тоска» операсы 24 мамырда тағы да ұсынылады, ол күні өнер көрсететіндер құрамы: бас кейіпкердің бейнесін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Маргарита Дворецкая сомдайды. «Астана Опера» жетекші солисті, Армения Республикасының Халық әртісі Барсег Туманян және «Астана Опера» театрының солисті Ескендір Әбжанов Рим полициясының басшысын – барон Скарпианы орындауға дайындық үстінде.
Операның сюжеті тарихи негізі бар бүгінгінің триллерін еске түсіреді. Итальяндық әнші Тоска өз өміріне өзі балта шабады, осы тұста режиссер кейіпкерінің өлімі арқылы да оның рухының әсемдігін, асқақ екенін көрсете алды. Қоюшы режиссер Лука Ронкони басты назарды адамның құштарлығына, нақтырақ айтқанда, саяси оқиғаларға ілігіп, озбырлықтың, азаптың, өлім жазасына ілігіп, тағдыр тәлкегіне түскен ғашықтар - суретші Каварадосси мен әнші Тоска жайлы оқиғаға аударады.
Маргерита Паллидің декорациясы көрерменді өткен жүзжылдықтың тарихи оқиғасына - Наполеон басқарған француз әскерінің 1800 жылы Италияға басып кірген кезіне әкетеді. Ғимараттар, шіркеу - бәрі де «сынық күйінде» кескінделген, бұл соғыс шарпыған жерде қираған мүлікпен қатар сезім мен уайымға да орын табылатынының белгісі іспеттес. Тарих желісін айнытпай жеткізетін көріністерді Вера Марзоттың нобайымен әзірленген әдемі костюмдер де толықтыра түседі.
Билет бағасы 500 теңгеден басталады. 3 сағатқа созылатын спектакль екі үзілістен тұрады. Спектакль түпнұсқадағы тілде орындалады.