- Негізгі бет
- Театр
- Театр. «Үш патшалықтың...
Театр. «Үш патшалықтың ханзадасы» - сахнадағы аңыз
Алматы қаласындағы Корей музыкалық комедия театрының репертуары тағы бір қойылыммен толықты. Режиссер Олег Лидің «Үш патшалықтың ханзадасы» қойылымымен театрдың көктемгі маусымы ашылды.
Жаңа қойылымның сюжетіне өз тағына мұрагер таңдаған патшайым туралы аңыз арқау болды. Патшайымның төрт ұлы бар: Жаз, Күз, Қыс және Көктем. Төртеуінің де таққа таласатын жөні бар. Алайда, хан сарайындағы салтанат сәнін Жанжал Перісі бұзады. Өзінің шақырусыз қалғанын алға тартып, ол кек алуды көздейді. Бірақ, ол өз мақсатына жете алмайды. Ал Көктем ханзадасы таққа иеленіп қана қоймай, өз махаббатын табады.
«Үш патшалықтың ханзадасы» қойылымының кейіпкері ән де айтады, би де билейді. Корей театрының әртістерінің орындауындағы корей халық әндері ұлттық киім киген бишілердің қозғалысымен үйлесім тауып, мерекелік көңіл-күйді сездіреді.
Қойылымда бой көрсеткен әртістердің барлығы дерлік көрермен қауымға кино және телехикаядағы рөлдерімен таныс. Сахна төрінен ҚР Еңбек сіңірген әртісі Зоя Ким, Эдуард Пак, Антонина Пяк, Роман Цой, Георгий Юн сияқты «Мәдениет қайраткерлері» атағын иеленген әртістерді көруге болады.
Биыл Мемлекеттік Республикалық Корей музыкалық комедия театры 80 жылдық мерейтойын атап өтеді. Қазіргі таңда театр труппасы мерейтой қарсаңында қызу дайындық жүргізуде.
Суреттер: today.kz
Ғ. Ұзақ