- Негізгі бет
- Театр
- Театр – өнер...
Театр – өнер мешіті
Театр – шын мәнінде өмір айнасы. Ол алдымен адамның өз-өзін реттеуіне, күнделікті мән бермей жүрген нәрселерін айнаға қарағандай өзінен табуға жәрдемдеседі. Қай жаста болмасын театрға келуі арқылы әр адам өзін басқа бір қырынан тануға, өмірден оқшау еместігін, оның біртұтастығын түсінуге, қоғамның бір бөлшегі екенін ұғынуға мүмкіндік алады. Қойылымдағы бір адамның өмір жолынан өзінің өмірін көруі, біреулердің айтқан сөздерінен өзінің дауысын, үнін естуі әбден мүмкін.
"Театр – өнер мешіті" деген теңеу бар. Десе дегендей, театр – мәдениеттілікке, имандылыққа бастайтын баспалдақ, алтын көпір екені даусыз. Өркениетке, дамыған елдердің қатарына ұмтылған еліміз үшін – халықтың ең алдымен рухы биік, мәдениетті болуы, соған қатысты мәселеде, әсіресе өнер арқылы рухани серпіліс тудыратын театр туралы сауатты болғаны аса қажет.
Адамдар театрға не үшін барады? Театрды рухани өнердің қара шаңырағы деп бекер атамаған. "Театр біздің ішкі дүниемізге, жан жүйкемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді" - деп М.Әуезов атамыз бекер айтпаса керек.
Осыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Ш. Айтматовтың "Арманым Әселім" атты шығармасың "Қызыл орамалды шынарым" деген атпен Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры сахнасынан тамашалады. Махаббат пен сатқындықты бейнелеген бұл қойылымнан алған әсеріміз ерекше, еріксіз көзімізге жас ұялатты.
Шетел филологиясы және аударма ісі
кафедрасының оқытушылары:
Аушенова А.С.. Төреханова Р.А.