«Театр көктемі» - 2017 фестивалі шеңберінде Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті

«Театр көктемі» - 2017 фестивалі шеңберінде Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті

14 наурыз күні М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында дәстүрлі түрде өткізілетін «Театр көктемі» - 2017 фестивалі аясында «Хадиша Бөкеева және бүгінгі актерлік өнердің өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.  Конференция барысында Х.Бөкееваның шығармашылығын зерттеп жүрген театртанушылар өзекті тақырыптарды алға тартты.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан баяндамашылар төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалар оқыды:

1. Хадиша Бөкеева және заманауи театрдағы актер тұлғасы

Е.Ә. Біләл, Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жастар Одағы сыйлығының лауреаты. 

2. Хадиша Бөкеева – қазақ  театр өнерінің заңғар тұлғасы

Б.К.Нұрпейіс, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы «өнертану» факультетінің деканы, өнертану докторы,  профессор.

3. Хадиша Бөкеева – киноактриса

Д. Әмірбекова, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты театр және кино бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, өнертану магистрі. 

4. Белгілі актрисаның белгісіз қырлары

С. Латиева, жазушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі

5Сахна  майталманы  Х.Бөкеева  –  музейде

Г.С.Құлназарова, ҚР Мемлекеттік Орталық музейдің аға ғылыми қызметкері ,филология  ғылымдарының  кандидаты.               

6. Проблемы актерского искусства Казахстана в контексте развития современного театра

С.Д.Қабдиева, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы «театр теориясы және тарихы» кафедрасының меңгерушісі, өнертану кандидаты,профессор.

7. Актерское искусство до и после постдраматического театра

В. Гафаров, доктор философии по искусствоведению, доцент, заведующий отдела  «театр, кино и телевидение» Института Архитектуры и Искусства НАН Азербайджана.

8. Некоторые вопросы современного актерского искусства

Л.Чхартишвили, доктор искусствоведения, Blogger, руководитель научно-исследовательского государственного университета  Ильи.

9. Тарихи тұлғаны сомдауға тың көзқарас қажет

А.О.Мұқан, ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты, доцент.

10. Қазіргі қазақ актерлік өнерінің өзекті мәселелері

М.Б.Жақсылықова, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының доценті, өнертану кандидаты.

11. Қазақстандағы театр фестивальдерінің әлеуметтік-мәдени маңызы

А.С.Еркебай, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, өнертану кандидаты.

12. Қуыршақ театры актерлік өнері және мәселелері

М. Тәшімова, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты театр және кино бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.

13. Бүгінгі  қазақ  театрларындағы  репертуар мәселесі

А.Ахмет, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушысы, өнертану магистрі.

14. Соңғы буын жас актерлердің театр мен кино өнеріндегі ізденістері

А. Мұратқызы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты театр және кино бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, философия магистрі.

15. Жаңа премьералардың көркемдік ерекшеліктері

Н.Құмарғалиева, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнеракадемиясының оқытушысы, өнертану магистрі.