- Негізгі бет
- Театр
- Театр жайында ең...
Театр жайында ең қызықты 5 дерек
Театр — ежелден келе жатқан өнер туындысы. Бүгінгі біздің тілімізбен айтқанда киноның ежелгі классикалық түрі. Театрда болатын әрбір сахналық көрініс адамға уақыт өткізу үшін жақсы да жаман да көңіл-күй сыйлайтын болған. Сіз бен бізге таңсық осы театр айналасында болған бес ең қызықты деректі ұсынып отырмыз. Біле жүргеніңіз абзал.
1. Пушкиннің дәуірінде көрермендерге арналған орындықтар тек алдыңғы қатарда ғана болған. Бұл орындар байлар мен беделді адамдарға ғана арналған. Ал қалған жерлер бос қалған. Бос орында қарапайым халық театрды тұрып көрген. Ол кездегі билеттердің құны өте арзан болған, ал адамдар үшін театрдың маңыздылығы сонша, билет алған халық екі-үш сағат бұрын келіп күткен.
2. Орта ғасырдағы театрларда әйелдердің рөлі мүлде басқаша. Бүгінгі күндегідей емес, олардың негізгі рөлі тек үй қызметкері немесе құл болған. Яғни сол кездегі әлеуметтік жағдайға байланысты әйелдің орнын сахнада да қалай бар, солай көрсеткен.
3. Ежелгі Римдіктер үшін театрдағы ең қызықты әрі ең керемет сәт қатігездік деп есептелген. Өйткені олар үшін образды шынайы әрі нақты беру аса қымбат бағаланған. Мәселен үлкен сахналарда, ареналарда актерлер халықтың көңілі үшін бір-бірін өлтіруге дейін барған. Осы қатігездіктің арқасында бір қаланың халқы әр аптада болатын театрдан қалмауға тырысқан. Тіпті билетті сатып алу үшін жандарын да салған. Римдік драматург Андроник есімді азамат өзі жазған бүкіл шығармасының басты рөлін өзі ғана ойнап шыққан. Өкінішке орай уақыт өте келе дыбыс пернесіне зақым келіп, дауыстап сөйлеуден қалған актер өзінің дауысына ұқсас адам тауып, оған сценарийді оқып тұруға өтініш жасаған. Ал өзі халық алдында тек дыбыссыз көрініс жасаған. Бұл ең алғашқы халық алдындағы фонограмма пайдаланудың көрінісі болып та қалған.
4. Көрініс алдында қолыңыздағы сценраийді түсіріп алмауға тырысыңыз. Яғни қағаздарыңызды шашып алсаңыз, қолыңыздан түсіріп алсаңыз оны жинауға емес, сол жерге отыра қалуға ыңғайланыңыз. Бұл сол кездегі режиссерлердің талабы. Сіз отыра кеткен жер лай болуы да мүмкін, су болуы да мүмкін. Ол маңызды емес. Бастысы қолыңыздан түскен қағаз үшін жауап беруге міндеттісіз. Ұзақ отырудан кейін барып қана сценарийді көтеріп, әрі қарай дайындыққа кірісуге болады. Ал бұл әрекеттерді істемеген жағдайда жайыңыз қиындау болады.
5. АҚШ-тың Вирджина штатында өзгеше бір театр болған. Оның ерекшелігі сіз тетар көру үшін билет сатып алуға ақша емес, заттай дүние апарасыз. Яғни ол тамақ болуы да мүмкін, әлде мүлік. Сіздің мүлкіңіздің құнына қарап орныңыз белгілі болады.
М. Ақан