- Негізгі бет
- Театр
- Театр — Әдебиет...
Театр — Әдебиет — Алмұрт: Бұлардың қандай байланысы бар?
XIX ғасырда императорлық театр буфеттерінде тәтті ретінде алмұрт ұсынылатын. Аңғарымпаз оқырман бұл жайт Толстойдың "Анна Каренинасы" мен Чеховтың "Анна на шее" аталатын туындылары сюжеттерінде кездесетінін байқаған шығар.
"Бәрінен жайсыз тигені, әйеліне алған дөкей алмұртты қолына ұстай, театрдан емен-жарқын, көңлі көншіп қайтқанда, қонақ үйде әйелі жоқ болған алғашқы минут еді; әйелінің кабинетте болмағанына таңырқай жүріп, ақыры, жай-мәнді түгел ашып салған сол хаты құрғырды ұстап, жатын бөлмесінде отырғанының үстінен шыққан болатын.
Күйеуінің ойынша ылғи бір қамкөңіл, дүниеқор, тайыз көрінетін Долли қолына хат ұстап, қыбыр етпей отырған күйі, Степан Аркадьичке жаны түршіге, қапаланып, долдана қараған",– деген жолдарды Толстой романынан оқыған едік.
Ал, Чехов туындысында: "Кейде Модест Алексеич Аннамен театрға барып тұратын. Антракт кезінде қыздың қолынан ұстап алып корридорда да, фойеде де бір сәтке жалғыз қалдырмайтын. Біреумен кездесіп қалған бойда ол Аннаға: "Статтық кеңесші… мәртебелінің қабылдауында болған…", "Жағдайы өте жақсы… өз үйі бар…" – дейтін. Буфет қасынан өткенде Анна тәттіге құмартып, өзі ұнататын шоколад немесе алма бәлішін жегісі келетін. Бірақ, оның ақшасы жоқ еді, ал, күйеуінен сұрауға ыңғайсызданатын"– деген жолдар бар.
Жоғарыда келтірген мысалды оқып, кейде роман сюжеттеріндегі елеусіз болса да, сол заманның тыныс-тіршілігінен сыр шертетін сәттерді байқамай қалатынымызға көз жеткіземіз.
Қызықты деректен бөлек, аталған туындылардағы әдеби параллель де таңғалдырмай қоймайды.
Қос Анна. Қос бақытсыз неке. Қос алмұрт.
А. Оралқызы