М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында маусымның 1-2 күндері сағат 18:30-даИран-Ғайыптың Сүйінбай драмалық эпос жанрындағы қойылымның премьерасы өтеді. Драмалық эпостың басты кейіпкері қазақ айтыс өнерінің атасы, айтулы тарихи тұлға Сүйінбай Аронұлы. Премьераның қоюшы-режиссері ҚР еңбек сіңірген әртісі М.Ахтанов. Сүйінбай рөлінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс. Эпос оқиғасы: Сонау... Бөрілі Байрақты Біртұтас Ұлы Түрік Қағанатының іштен-сырттан бірдей... өлездене іріп-шіріп, енді-гәрі бұрынғыша біте-қайнасып-бірікпестей бытырап, тоз-тоз болып, тым-тырықай... Тұрымтай Тұсына, Балапан-Басына кетіп жатқан аң-босқын, ала-шапқын зұлматты келеңсіз тұсынан басталып, содан соңғы... алты-бақан алауыз, қырық-пышақ кер-абыз, бір кезгі... туысқан халықтардың өзара қанды-қырғындарын - қамтып, XIX-ғасырдың орта шеніндегі , күн аралатпай қырылысқан қырғи-қабақ ағайын, Қазақ-Қырғыз атты Ене Таудың емшегін тел емген, төсекте малы, төскейде жаны қосылған, көршілес екі елдің, қалай - дүрдараз-ыдырасып, қалайша қайта бауырласа-ымыраласқандығы жайлы... ...Ең Қызығы: Қойылым, Бүгінгі Көрерменді, Ұлы Дала Театрымен - қауыштырады.