- Негізгі бет
- Театр
- «Сүйінбай» драмалық эпос...
«Сүйінбай» драмалық эпос жанрындағы қойылымның премьерасы өтеді
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында маусымның 1-2 күндері сағат 18:30-да Иран-Ғайыптың «Сүйінбай» драмалық эпос жанрындағы қойылымның премьерасы өтеді.
Драмалық эпостың басты кейіпкері – қазақ айтыс өнерінің атасы, айтулы тарихи тұлға – Сүйінбай Аронұлы. Премьераның қоюшы-режиссері – ҚР еңбек сіңірген әртісі М.Ахтанов. Сүйінбай рөлінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс.
Эпос оқиғасы: Сонау... Бөрілі Байрақты Біртұтас Ұлы Түрік Қағанатының – іштен-сырттан бірдей... өлездене іріп-шіріп, енді-гәрі бұрынғыша біте-қайнасып-бірікпестей – бытырап, тоз-тоз – болып, тым-тырықай... «Тұрымтай – Тұсына, Балапан-Басына» кетіп жатқан – аң-босқын, ала-шапқын – зұлматты келеңсіз тұсынан – басталып, содан – соңғы... «алты-бақан – алауыз, қырық-пышақ – кер-абыз», бір кезгі... туысқан халықтардың өзара «қанды-қырғындарын» - қамтып, XIX-ғасырдың орта шеніндегі , күн аралатпай «қырылысқан – қырғи-қабақ ағайын», Қазақ-Қырғыз атты «Ене Таудың емшегін тел емген», төсекте – малы, төскейде – жаны қосылған, көршілес екі елдің, қалай - дүрдараз-ыдырасып, қалайша – қайта бауырласа-ымыраласқандығы жайлы...
...Ең – Қызығы: Қойылым, Бүгінгі Көрерменді, «Ұлы Дала Театрымен» - қауыштырады.
А. Оралқызы