- Негізгі бет
- Театр
- Суретшілер ауылы ...
Суретшілер ауылы
Қытайдың Дафен деген ауылында 5000 суретші мекендейді. Олардың 600 шеберханасы бар, мұнда олар бір жылдың өзінде 5 миллионға дейін туынды дайындайды екен.
Қытай барлық өндіріс салаларындағы тауарлардың көшірмесін жасайтынымен танымал еді, мәселен тұрмыс техникасы, автокөлік құрылысы, фармацевтика, тағам және басқа тауарлар. Ал жақында әлем назарындағы танымал картиналардың көшірмесін жасау ісі қолға алыныпты. Арт-көшірме бұл елде қатты қарқынмен дамып, өнерге деген осындай бір ерекше үлес қосылуда екен. Әлемдегі белгілі туындылардың 60 пайызы жасалып та қойыпты.
Дафен – бұл Лунган ауданына қарасты Буджи қалашығындағы шағын ауыл. Ауыл тұрғындарының негізгі ісі расында да сурет салу екен. Көшірме-туындылар кейіннен шетелдік дүкендерге, мейрамханаларға, қонақ үйлерге, көрмелерге тарайтын көрінеді.
Аталған бизнес көзі 1990 жылдардан бері жалғасын тауып келеді. Алғашқы кезде бұл елді-мекенге әрі суретші, әрі ірі кәсіпкер Хуан Цзянның жиырма бірдей суретшісі көшіп келіпті. Олардың тұңғыш туындылары Леонардо да Винчиден Джексон Поллокқа дейінгі атақтылардың картиналарын жасауға ұмтылған екен.
Көшірмелер бұдан кейін шет елдерге өте төмен бағамен сатыла бастаған, кәсіпкерліктің сәтті болуына байланысты Хуан өз қарамағындағы суретшілердің санын едәуір өсірген. Оны аз десеңіз, Дафен ауылының қайбір тұрғынын алып сұрасаңыз да, осы салаға арналған арнайы дипломданған маман екендіктерін алға тартады. Олар көптеген көркемсурет академиясынан білім жинақтап, қазірдің өзінде әрқайсысы бір күнде көшірме суреттің ондаған нұсқасын жасап шығара алады.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Дереккөз: adme.ru
Сурет: adme.ru
А. Құлтай