- Негізгі бет
- Театр
- Шекспир театры костюмдері...
Шекспир театры костюмдері жаппай сатылымға шығарылды
24 қыркүйек күні Лондонның Стратфорд-апон-Эйвон аймағында шеті мен шегі көрінбес ұзын кезек пайда болды. Кезекке тұрған адамдар ұлы ақынның тарихи отанына арнайы мақсатпен келген. Олар Шекспир театрының костюмдерін сатып алу үшін жиылған. Жаппай сатылымды Патшалық Шекспир компаниясы ұйымдастырып отыр. Сатып алушыларға жалпы саны 15 000 костюм мен өзге де сахна атрибутикалары ұсынылды.
Бұл шара Шекспир компаниясын жабылудан сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Олар жиналған қаржыны ұйымның гүлденуіне жұмсап, Британия театрларын костюммен қамтамасыз етуді жалғастырмақ.
Сатылымға шығарылған костюмдердің кейбірі Британияның ұлы актерлеріне тиесілі болған. Оны дәлелдейтін арнайы биркалары да бар. Раритет киімдердің бағасы 50 центтен бастап 40-50 доллар аралығында болды.
А. Оралқызы