«Шаншар әзіл-сықақ театрының» 2012 жылы 6 желтоқсанында Youtube әлеуметтік желісіне қосылған кезекті концертінің беташары осы әнмен ашылды. Бұл ойнақы, әзіл әнге сарай ішінде қол соқпаған кісі кемде-кем. Бірақ көгілдір экран арқылы көрсетілген нұсқада әннің не сөз, не музыкасын жазған кісінің есімі беймәлім күйде қалды.
Соңғы кезде эстрада әншілерінің әлемде кеңінен танымал болған әндерді аударып, қазақша сөз жазып айтуы сәнге айналса да, қазақ сатира өнерінде өзіндік орны бар, халықтың жүрегіне жол тартқан «Шаншардың» бұнысы несі деген ой келеді.
Төменде екі бейнекөрініске назар аударып, салыстырып көріңіз.
"Шаншар" театрында шырқалған ән:
2006-2007 жылы қытай эстрадасында шырқалған "Менің Мулан гүлім" әні:
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: өңделген