М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының Сырласу бұрышында 31 мамыр күні сағат 14.30-да Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу кеші өтеді. 31мамырды Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні деп белгілеп, 1997 жылы Елбасымыз жарлыққа қол қойғаны тарихтан белгілі.Шара барысында театрымыздың жоғарғы буын өкілдері, театр қайраткерлері өткен күндерге көз жүгіртіп, зобалаң жылдардың зұлматы мен қазақ халқының бастан кешкен қиямет-қайым дәуірлерін еске алады.