- Негізгі бет
- Театр
- Сахнада жарымжан -...
Сахнада жарымжан - актерлер...
15 шілдеге дейін Францияның Авиньон қаласында орналасқан театрда Жером Бельдің бастамасымен ақыл-есі дамымаған жарымжан актерлерлер спектакль қойды. Осымен алпыс алтыншы рет өтіп жатқан Авиньон фестивальіне көптеген театр ұжымдары келіп, әлемге әйгілі қойылымдарды саханалап жатыр. Ал жарымжан жандардың театры жалғыз...
Жером Бель Ресейде қазіргі заманғы би өнерін сүйетіндердерге аса танымал хореограф. Оның би саласындағы еңбектері талай өнер шыңына жетіп, өз бағасын алған. Бірақ Авиньонда өткен бұл спектакльді драмалық жанрға да, пластикалық жанрға да жатқыза алмайсың.
Цюрих қаласындағы өзі режиссер болып жұмыс жасайтын "HORA" театрында әр түрлі кемтарлық ауруларға және Даун синдромына шалдыққан кәсіби актерлер өнер көрсетеді. Театр 1993 жылы құрылған. Жасы жиырмаға тақап қалған театрда қазір 18 жастан 51 жасқа дейін 11 актер жұмыс жасайды.
Осы уақытқа дейін 40 спектакль қойып үлгерген ұжым әлемнің өзге де қалаларына гастрольдік сапарларға шыққан. Жером Бельге жарымжан жандармен жұмыс жасауды неміс драматургы Марсель Бужьель ұсынған. Содан бастап ол актерлермен көп уақытын өткізіп, оларды тілдесіп, ұғыну арқылы сахнаға үйрете бастаған.
Қойылым басталды. Сахнада қатарынан үстелдер тұр. Сахна жанында спектакльді режиссер бекіткен көріністермен жүргізіп отыру үшін режиссердің көмекшісі отырады. Алғашқы сынақ – сахнаға шығып үнсіз тұру. Ондағысы – халықтың назарын өздеріне аударту. Одан соң актерлер қанша жаста екенін және кәсібін айтып өз-өздерін таныстыра бастайды. Актерлердің негізгі тапсырмасы – өздерінің талғамы бойынша әуен таңдап, дәл сол жерде би ойлап табу.
Жером Бель спектакльге он бір номердің арасынан сегізін таңдап алады.
Жером Бель актерлерге өздерінің ауру диагноздарын айтуды сұрағанда бірі: «Білмеймін», - деп, ал енді бірі ауруы жайында бәрін айтып береді. Сондағы бір қыз: «Мен Даун синдромына шалдыққанмын. Өкінішті...», - деп жауап береді. Финалда актерлер өздерімен жұмыс жасап, сахнада сөйлеу мен жүріп-тұруды үйреткен режиссер жөнінде айтады. Кейбірі тек бір-екі ауыз сөзбен ғана әңгімесін доғарып, «Маған ұнады» деп қана айтады. Ал бір жігіт әпкесінің көлікте жылағанын, сосын «сендер цирктегі аңдар сияқтысыңдар» дегенін айтып қалады. Араларында бір актер өз биін көрсете алмағаны үшін режисссерге өкпелеп қалған көрінеді. Сол кезде Жером Бель бәріне өз-өзін көрсету үшін мүмкіндік берген. Тағы да төрт биден соң, сахна шымылдығы жабылады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: inforing.net, ria.ru, artstarstv.com
А. Әбілхан