Солтүстік Қазақстан облысындағы Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры өзінің 20 жылдық тарихында алғаш рет Алматы қаласының театрсүйер көрерменімен дидарласып, шығармашылық жетістіктерімен бөлісіп, қала халқына шоқтығы биік туындыларын 26-28 қараша күндері аралығында паш етпек ниетте.
Гастрольдік репертуар:
26 қараша Б.Жақып «Жан дауысы» soundrama (реж.Ф.Молдағали)
27 қараша М.Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» драма (реж.Б.Шамбетов)
28 қараша М.Әуезов «Қарагөз» soundrama (реж.Ф.Молдағали)
Басталуы: 18.30-да
26-28 қараша аралығында, сағат 11.00-де балаларға арналған М.Әлібектің "Сиқырлы дүрбі" (реж.Ф.Молдағали) ертегісі назарларыңызға ұсынылады.
Сонымен қатар, театр жанынан режиссер Ф.Молдағалидың жетекшілігімен құрылған «StarTDrama» лабораториясы «86» soundrama спектаклі мен О.Бөкейдің «Жылымық» көркем радиохабар жанрындағы спектаклін қосымша ұсынбақ.
Өтетін орны: Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры