- Негізгі бет
- Театр
- Нұрлан Ысмайылов «Астана...
Нұрлан Ысмайылов «Астана Опера» театрында жеке концертін өткізеді
28 қаңтарда асқан шебер пианиношы Нұрлан Ысмайылов «Астана Опера» театрының камералық залында «Фортепианолық музыка кеші» атты жеке концертін өткізеді. Шара кемеңгер сазгер Фредерик Шопеннің туғанына 205 жыл толуына орайластырылған.
Кеш бағдарламасы польшалық ұлы сазгер және аса көрнекті пианиношының шығармаларынан тұрады. Бірінші бөлімде 24 кіріспе (ор.28), екіншісінде төрт баллада орындалады.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Ысмайылов аталған музыкалық туындылар Шопен шығармашылығының жауһарлары екенін атап өтті.
Аяқталған миниатюралардың бір де біреуі өзге бір шығармада немесе оның бөлігінде интродукцияның ролін ойнамаса да, кіріспе деп аталуының себебі неде деген сұраққа Нұрлан Ысмайылов: "Кіріспе жанры Шопенге дейін әлдеқашан болған", - деп жауап қатты.
Төрт балладаны көбіне жеке-жеке орындайды, бір циклдің шеңберінде сирек келеді. Әртүрлі шығарма әртүрлі уақытта жазылған. Бірінші балладаны композитор бозбала кезінде жазған, ал соңғысында аурудың сарыны мен өмірмен қоштасудың бірлескен лебі еседі.
Нұрлан Ысмайылов Чайковский ат. ММК-сын профессорлар В.И. Носов пен Н.П. Емельяновтың класы бойынша (1970-1975), ассистентура-стажировканы КСРО халық әртісі Э. Гилельстің сыныбында (1975-1978) тәмамдаған. Жалпыодақтық конкурста (1977) және С. Рахманинов ат. халықаралық конкурста (1983) арнайы сыйлықтарды иеленген.
Сурет: Астана Опера баспасөз қызметі
Ф. Абилова