- Негізгі бет
- Театр
- Новосібірлік театр ұсынатын...
Новосібірлік театр ұсынатын опералық квест
"Астана Опера" театрында Дж.Пуччинидің "Турандот" жауһары, әдеттен тыс опералық квест түрінде алғаш рет қойылады. Новосібірдің мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастролі бір-ақ күн – 1 желтоқсанда Үлкен зал сахнасында өтеді.
Новосібірлік театрдың опера солистері, хорымен симфониялық оркестрі елордалық көрерменге үш актілі спектакльді бірінші рет ұсынады.
– Біздің Астанада «Турандот» операсын қоятынымыз кездейсоқ емес. Бұл спектакль – биылғы жылы тұсауы кесілген үздік қойылымдардың бірі, мұнда, менің ойымша, классикалық опералық дәстүр жұмбаққа толы еліктіргіш Шығыспен ұштасады. Спектакльді қоюда үлкен үлес қосқан Қазақстанның суретші сценографтары – Софья Тасмағамбетовамен Павел Драгуновты ерекше атап өткім келеді, мен олардың шеберлікпен орындалған жұмысына шексіз ризашылығымды білдіремін, – дейді Новосібірдің академиялық опера және балет театрының бас директоры Владимир Кехман.
Ұлы италиялық композитор Дж.Пуччинидің соңғы, аяқталмаған туындысы тыңдарманды тереңдігімен, ауқымдылығымен, қанық бояуымен, сондай-ақ драматизмімен, нәзік те таңдаулы үндестігімен және қытай нақышын өзінше пайдалана білуіментаң қалдырады. Либретто жазушылары Дж.Адами және Р.Симони, ХІІ ғасырдағы әзірбайжандық жазушы Низами повесінің сарыны бойынша қойылған К.Гоццидің аттас драмасын негізге алған. Опера алғаш рет 1926 жылы 25 сәуірде Ла Скала театрында А.Тосканинидің жетекшілігімен орындалды.
Қоюшылар ойластырғандай, бәрін жеңіп шықса да құрбан болатын махаббат туралы ертегі драмасының көрінісі, Василий Кандинскийдің абстрактылы суреттерінің аясында өрбиді. Спектакльдің режиссері Вячеслав Стародубцев опералық квестпен танысу барысында көрерменді не күтетінін айтып берді: «Ағылшынның «quest» (ізденіс) және "question" (сұрақ)сөздері ортағасырлық латын тілінде «questa» (ізденіс, сұрақ) дегенді білдіреді. Сюжетте осы сұрақтар бар: Турандот ханшайым ханзадаларға жұмбақжасырады, егер олар дұрыс жауап бермесе, онда өлімге кесіледі. Барлық сұрақтарға жауап берген Калаф, Турандот өз еркімен келісімін берсін деген оймен, оған өз жұмбағын – есімін жасырады. Опералық квест арқылы көрермен бұл жанрды біз – қоюшылар мен әртістер сияқты жақсы көрсе дейміз».
Турандот ханшайымның партиясын халықаралық байқаулардың лауреаты, «Алтын бетперде» ұлттық театр фестивалінің дипломанты Ольга Колобоваорындайды, Калаф – Роман Завадский, Лиу –халықаралық байқаулардың лауреаты, «Алтын бетперде» ұлттық театр фестивалінің дипломанты Ирина Чурилова, Тимур – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Владимир Огнев, Пинг – Валерий Гордеев, Панг – Кирилл Нифонтов, Понг – Иван Гынгазов, император Альтоум – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Юрий Комов, Мандарин – халықаралық байқаулардың лауреаты Алексей Лаушкин. Дирижерлық тізгінде – театрдың музыкалық жетекшісі әрі бас дирижері Дмитрий Юровский. Хормейстер – Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері Вячеслав Подъельский.
Естеріңізге сала кетейік, Новосібірдің мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алғашқы қазақстандық гастрольдері 2014 жылы өткен. «Астана Опера» театрының сахнасында Р.Петидің "Кармен" және Э.Льянганың "Түнектегі сыбыр" атты бір актылы балеттері қойылып, опера солистерінің мазмұнды концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Г. Берік