30 қараша күні Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялы балалар мен жасөспірімдер театрында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты мерекелік кеш өтеді.
Аталмыш кеш Алматы қаласы, Алмалы ауданы әкімдігі мен Ауған соғысы ардагерлері ұйымының «ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ» қауымдастығының және театр ұжымының ұйымдастыруымен қолға алынып отыр.
Мерекелік шара театр фойесінде Жамбыл атындағы Мемлекеттік республикалық жасөспірімдер, № 4 қалалық, А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханаларының кітап көрмесімен және «Әдемі-ай» өнер үйінің ұлттық, қол-өнер бұйымдары көрмесімен басталады.
Ресми құттықтаулар рәсімінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымының «ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ» қауымдастығының төрағасы, Ауған соғысының ардагері, қоғам қайраткері, ақын Бақытбек Смағұлов, Алмалы ауданының әкімі ( немесе әкімдік өкілі ) және Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Сұлтан Сраилов, сондай-ақ, театрдың Көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Ерлан Біләлов сөз сөйлейді.
Одан кейін өтетін негізгі концерттік бағдарламада Қазақстан өнер жұлдыздары Алтынай Жорабаева, Шаба Әденқұлқызы, Дәлел Уашев ән шырқаса, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалармен жасөспірімдер театрының әртістері театрландырылған сахналық қойылым, поэзиялық, ән-би композициясын ұсынады. Сондай-ақ, Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің «Томирис» би тобы, №4 Оқушылар үйінің «Мөлдір» би тобы мен П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің фольклорлық «Жігер» және гитаристер ансамблі өнер көрсетеді.
Басталуы: 18.30-да
Сурет: teatr-musrepov.kz