2-3 сәуірде Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Т.Ахтановтың "Ант" тарихи қойылымының премьерасы болады.
Спектакль Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылып отыр. Драмалық дастанды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, режиссер Жанат Хаджиев сахналайды. Туындының қоюшы-суретші Қанат Мақсұтов болса, композиторы - ҚР Мәдениет қайраткері Ермек Елгезеков. Суретшіге Назым Қалиева, ал, режиссерге Бейбіт Камаранов ассистенттік етеді. Режиссердің көмекшісі - Гүлфайруз Смаилова.
Жазушы-драматург Т.Ахтановтың бұл шығармасы оның драмалық пьесаларының ішіндегі ең таңдаулысы, шоқтығы биік туындыларының бірі.
Сахналық туындыда қазақ елінің тағдыры үшін күрескен батырлардың ерліктері, ойраттарды ойсырата жеңген "Ақтабан шұбырынды" және Ресейге қосылу кезеңдері оқиға өзегіне арқау болды.
Сурет: Баспасөз қызметі