Мүсірепов театры Әзірбайжанда өтетін фестивальге қатысады

Мүсірепов театры Әзірбайжанда өтетін фестивальге қатысады

2014 жылдың 9-19 қыркүйек аралығында Әзірбайжан Республикасының Шеки қаласында I Халықаралық театр фестивалі өтеді. Аталған фестивальге Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ақын, драматург Иран Ғайыптың «Естайдың Қорланы» қойылымымен қатысады.

«Естайдың Қорланы» махаббат-намасы ғұмыр бойы таза, адал да пәк ғашықтық сезімдерін аялай білген қос мұңлық – Естай мен Қорлан жайындағы дастан.

Туындының қоюшы режиссері - ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахманов. Қоюшы суретшісі – Индира Ихсан, музыкасын көркемдеген – Торғын Рақымбаева.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын, драматург Иран Ғайыптың «Естайдың Қорланы» қойылымы – жан-дүниеңізге астаң-кестең күй кештіріп, Махаббат–Әлемінің Құдіретіне бас идірері хақ.

Рөлдерде ойнайтын әртістер:


Естай - ҚР еңбек сіңірген әртісі Сағат Жылгелдиев,

Қорлан- ҚР еңбек сіңірген әртісі Жібек Лебаева,

Айнаш- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шолпан Сіргебаева,

Ақсақал- Руслан Ахметов,

Қожақ - Еділ Рамазанов.

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына Шеки қаласында өтетін Халықаралық театр фестивалінде сәттілік тілейміз!

Ақпаратты театрдың баспасөз бөлімі ұсынды

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Театрдың баспасөз бөлімі

Н. Айдархан