Құрметті театрсүйер қауым, қазақ театрларының көшінде алдыңы қатарда жүрген Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театры тағы бір жаңа қойылымның тұсауын кеспек.
Премьера ақпан айының 14-і мен 15-iне жоспарланып отыр. Басталуы - 18.00.
"Фатима" деп аталатын қойылымды сахнаға даярлағандар:
Қойылымның авторы – Иран-Ғайып Оразбаев.
Қоюшы режисері – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахманов.
Қоюшы суретшісі – Индира Ихсан.
Балетмейстері – Жанар Мақашева.
Музыканы көркемдеуші – Қарлығаш Исаева.
Режисердің ассистенті – Бақыт Тушаев.
Режисердің көмекшісі – Әлия Абсаттарова.
"Фатима" ұлағатты ұлтымыздың үш бірдей ұлы тұлғасының жүрегіне сезім шоғын жағып, көңіліне шабыт берген данагөй ұстаз, әдебиеттанушы, қазақтың асыл ұлдары Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезовтың жары бола білген татар қызы Фатима Ғабитова туралы.
Фатима рөліне Ақмарал Дайрабаева мен Ақбота Қаймақбаева таңдалған. Ал Фатиманың қыз ғұмырындағы рөлдерін Ергешова Гүлдана, Динара, Арай есімді жас актрисалар сомдамақ.
Ақмарал Дайрабаева
Ақбота Қаймақбаева
Иран-Ғайыптың «Фатима» атты қасірет-намасы – әдеби деңгейі мейлінше жоғары шығарма. Астарында тарихи шындығы бар қойылым көрерменін көп күттіруде.
Театрда кездесейік!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
суреттер: teatr-musrepov.kz, proza.ru, azattyq.org