- Негізгі бет
- Театр
- Марат Бисенғалиевтің қызы...
Марат Бисенғалиевтің қызы әйгілі «Shakespeare's Globe» сахнасында өнер көрсетеді
2015 жылы 1 маусымда Лондонның аты аңызға айналған "Shakespeare's Globe" театрында «Джон Король» спектаклінің премьерасы болады. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының фейсбуктегі жеке парақшасында хабарланды.
Онда басты рөлдердің бірін белгілі скрипкашы және «Алматы симфониялық оркестрінің» көркемдік жетекшісі Марат Бисенғалиевтің қызы Арухан сомдайды. Бірнеше ғасырлық тарихы бар театр сахнасында басты рөлді алғаш рет түркі тектес халықтардың ішінде біздің отандасымыз Арухан Бисенғалиева орындайды.
2015 жылы 3 сәуірде Марат Бисенғалиевтің басқаруындағы «Алматы симфониялық оркестрі» "Primavera Italiana" атты классикалық музыкадан Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында концерт беруді жоспарлауда. Ұлыбританияның бірқатар қалаларында өтетін «Джон Король» спектаклінің гострольдік сапарына аттанбас бұрын Арухан отбасылық дәстүр бойынша концертке келіп, өзінің 92 жастағы әжесі Арухан Жүсіповамен кездеспек екен.
Дереккөз: inform.kz
Сурет: season.kz
Н. Айдархан