Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры – Алматыда

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры – Алматыда
Фото: vk.com

Араға 30 жыл салып, Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры – көптеген өнер саңлағын дүниеге әкелген әсем қала Алматы қаласының театрсүйер көрерменімен дидарласып, шығармашылық жетістіктерімен бөлісіп, қала халқына шоқтығы биік туындыларын паш етпек ниетте.

2018 жылдың 18 ақпан күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы бойынша Атырау облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театры «Академиялық» дәреже алған болатын. Сонымен қатар, биыл театрдың құрылғанына 80 жыл толып отыр. Осы жетістіктер мен Елбасының «Рухани жаңғыру: «Болашаққа бағдар» атты мақаласы аясында, 17-21 сәуір аралығында тұңғыш рет академиялық дәрежемен Алматы қаласында, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында көрермен назарына 5 спектакль ұсынылады.

Көрерменге ұсынылатын  қойылымдар:
18-21 сәуір   Р. Киплингтің «Маугли» ертегісі;
17 сәуір        И. Ғайыптың «Сүйінбай» тарихи драмасы;
18 сәуір        Ш. Айтматовтың «Мәңгүрт» драмасы;
19 сәуір        Е. Домбаевтың «Келін»  мұңды комедиясы;
20 сәуір        Ш. Айтматовтың «Бетпе бет» драмасы;
21 сәуір        Р. Отарбаевтың «Бас»  драмасы.

Театрда қауышқанша, оқырман!

А. Оралқызы