- Негізгі бет
- Театр
- Махаббат сөз болған...
Махаббат сөз болған жерден марқаймай қайту мүмкін емес
Фото:
Асхат Мырзагелдиев
Театр – барлық өнердің басын қосып тұрған киелі шаңырақ. Сол шаңырақтың 70 жылдығы аясында «Студенттер күніне» орай «Айтылмаған махаббат» атты театрландырылған ән-думан кеші ұйымдастырылады. Кеш 2015 жылы 14 қараша күні Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында сағат 18.30-да болады.
Театр тарихы актер өмірімен өрілгенімен, көрермен көңілі мен пейілі әрқашан бәрінен биік тұрады. Бұл кеш – театр актерларының аса қадірлі көрермендерге деген тартуы, айта алмай жүрген махаббаты.
Ал, ақ махаббат айтылған жерде ойланбай, толғанбай, тебіренбей, шаттанбай, қуанбай, марқаймай қайта алмаспыз!
Қайталанбас бақыт пен қайта айналмас уақыт-сахнасындағы ғажайыпқа асығайық!
Г. Берік