- Негізгі бет
- Театр
- Классика Тәуелсіздікке арналады...
Классика Тәуелсіздікке арналады
Қазақстанның заманауи композиторлық өнері бір орнында тұрған жоқ. Соңғы жылдары отандастарымыздың қызықты шығармалары көптеп жарық көрді. Әлі таныла қоймаған, әйтсе де, тыңдарман қошеметіне әбден лайықты бұл музыкалар бөлігі 28 сәуірде «Заманауи композиторлар» циклінен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «КZ камералық музыкасы» атты концертінде ұсынылады.
Астанамыздың тұрғындары мен қонақтарына оркестр мен аспапты ансамбль әртістерінің орындауында отандық композиторлар: Серік Еркімбаев, Балнұр Қыдырбек, Серікжан Әбдінұров, Бақтияр Аманжол, Светлана Апасова және басқалардың сирек кездесетін камералық-аспаптық опустарын тыңдау мүмкіндігі туады.
«Астана Опера» театрының музыкатанушысы Маржан Жәкенова тыңдарманға біздің ұлттық қазынамыздың ең үздік үлгілері саналатын жаңа шығармалар ұсынылатынын атап өтті.
– Тыңдарман бұл музыканы және композиторлардың есімін біліп жүруі үшін олар шырқалуы өміршең болуы қажет. Қазақстанда дарынды, талантты авторлар өте көп. Біз қазір композиторлық өнердің өркендеу кезеңін бастан кешіп жатырмыз. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде композиторлар мектебі классиктер дәстүріне сүйене отырып, қарыштап алға басты: тақырыптық шығармашылықтың аясы кеңейді, музыка тілі байи түсті, заманауи композитор қаламының жаңа әдістері жетілді, – дейді Маржан Жәкенова.
Стильдік бояу алуан түрлі бір композиторлар қатаң академиялық стильде жазса, кейбіреулері, керісінше, жаңашылдыққа әуес.
– Музыка – уақыт айнасы, ол міндетті түрде өз орындаушысы мен тыңдаушысын табады. Біздің театрда заманауи композиторларға арналған көптеген концерт өтті. Тыңдармандар театр сайтында жағымды лебіздерін жазып жатады. Кейбір концерттердің үш сағатқа дейін созылғанына қарамастан, адамдар шаршамай, қуанышпен қабылдап, музыкалық ақпараттан нәр алды. Композиторларымыздың мол музыкалық идеялар шоғыры, көңіл қуантады. Мен оларға сарқылмас шабыт тілеймін,– деді музыкатанушы.
Екі бөлімнен тұратын концерт бағдарламасы алуан түрлі, оған енген туындылар: Бақтияр Аманжолдың «Анама», Әліби Әбдінұровтың «Folk on-line», Сәуле Тұяқованың фортепианоға салған «Кіріспе», Әлия Бескемпірованың «Арманшыл саксофон», Серік Еркімбековтің «Алтын Арқа», сонымен қатар, Қазақстанның композиторлар Одағының төрайымы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Балнұр Қыдырбектің «Дешті-Қыпшақ», «Түркі академиялық музыкасының атасы» және басқалары.
Г. Берік