Қазақстанда алғаш рет драма актрисасы опера орындады

Қазақстанда алғаш рет драма актрисасы опера орындады
Фото: www.auezov-theatre.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіп еліміздің театр әлемінде тұңғыш рет Асхат Маемировтың режиссерлігімен саxналан Ж.Кокто, Ф.Пуленктің "Адам дауысы" монооперасын орындады. Актриса бұл шығарманы ұстазы, КСРО және Қазақстанның халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арнады.

Қазақстанда драма актрисаның опера орындауы алғаш рет орын алайын деп отыр. Операны драматизациялау арқылы, саxна кеңістігінде вокал арқылы әрекет жасайтын актриса Дәрия Жүсіп бұл жолы әйел жанының тылсым сырын, жанкешті ғұмырын, жауапсыз маxаббатын сомдады.

Актриса өзінің ұстазы туралы: "Хадиша Бөкеева – менің ата-анамнан кейінгі жаныма ең жақын жандардың бірі. Алғаш Хадиша апаммен Т.Жүргенов атындағы институтқа оқуға түскенімде таныстым. Ол кісі мені үнемі үйіне шақырып алып, сырласатын. Сол кезде "Тектілік" деген ұғымның маңызын Хадиша апам арқылы түсіне бастадым. Ол өзінің бойындағы тазалықты біздің бойымызға сіңірді, бүгінде сол тазалықты сақтап қалғым, ол кісіге ұқсағым келеді. Мен Х.Бөкееваның шеберханасында оқығаныма мақтанамын. Кезінде ол кісінің рухына арнап концерт қойған болатынмын, биыл 100 жылдығына арнап "Театр көктемі" фестиваліне тағы бір қойылым дайындап жатырмын", - деп естелігімен бөлісті.

Жаңа туынды "Театр көктемі - 2017" фестивалінің аясында "Өзіндік жұмыс" ретінде сахналанды. Қазылар алқасы және көрермен назарына кеше, 17 наурыз сағ. 12:00-де М.Әуезов театрының кіші залында ұсынылды. 

А. Оралқызы