Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Жәния Әубәкірова және дирижер Дориан Уилсонның (АҚШ) жетекшілігіндегі «Астана Опера» Симфониялық оркестрі, елорда тұрғындары мен қонақтарына мазмұны терең концерттік бағдарлама ұсынады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерт 27 қараша күні театрдың Үлкен залы сахнасында өтеді.
Тыңдарманға Тілес Қажығалиевтің «Дала аңызы» балетінен сюита ұсынылады. Ақпан айында «Астана Опера» Симфониялық оркестрі бұл шығарманы Мариинский театрының Концерттік залында орындағанын айтып өту керек. Көрнекті маэстро В.А.Гергиевтің пікірінше, бұл сюита қазақстандық классикалық музыканың бетке ұстарыатануға әбден лайық.
Әйгілі шекспирлік трагедия тағы бір ұлы композитор – Петр Чайковскийдің де сүйікті шығармаларының бірі болған. Көрермен 1884 жылы үздік оркестрлік туынды деп танылған «Ромео мен Джульетта» увертюра-фантазиясының бар әсемдігін тамашалай алады.
Әлемдегі үлкен сұранысқа ие маэстролардың бірі – Дориан Уилсон Еуропа, Азия, Америка, сондай-ақ, Франция ұлттық оркестрі, Финляндия радиосының ұлттық оркестрі, Токио, Бернск, Оденск, Квебекстің симфониялық және Хельсинки, Копенгаген, Берн, Сеулдыңфилармониялық оркестрлерінежәне тағы басқасынадирижерлік еткен.