Ертең, яғни 27 маусым күні М.Әуезов атындағы Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театрында Игорь Вовнянконың «Қаза мен жаза» спектаклінің премьерасы болады. Әуезов театрының ресми сайты қойлымның трейлерін жариялады.
Әкемтеатрдың 89-шы театр маусымындағы алтыншы жаңа спектаклінің тұсауы кесілмек. Театр тарихында сирек қойылған қылмыстық драма жанры қайта жанданып, көрермен назарына ұсынылады.
Игорь Вовнянконың бұл шығармасын қазақ тіліне ҚР еңбек сіңірген қайраткері Омар Қыйқымов аударды. Қоюшы-режиссері - КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов. Қойылымға Сырым Асқаров режиссерлік етсе, режиссердің көмекшісі қызметін С.Гениярова атқарады. Туындының қоюшы-суретші Ерлан Тұяқов болса, композиторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қ.Шілдебаев. Музыкамен көркемдеген – С.Зубарев, биін қойған – Г.Мұхамеджанова.
Спектакль премьерасы 27 маусым күні сағат 6:30-да басталады. Журналистерге арналған баспасөз мәжілісі сағат 5-те болады.