Қоюшы хореограф, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың жетекшілігімен Астана Опера театрының балет труппасы 25 және 26 мамыр күндері елорда тұрғындары мен қонақтарына Астананың 20 жылдығын мерекелеу құрметіне орай өтетін А.Аданның Корсар балетінің премьерасын ұсынады. Туындының негізінде аты аңызға айналған балетмейстер, осы жылы барша әлем 200 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтіп жатқан көрнекті тұлға Мариус Петипаның хореографиясы жатыр. Оның түпнұсқа партитурасына Петр Гусевтің балет қосымшалары енген. Теңіз қарақшылары, батыл Конрад және оның сымбаты келіскен сүйіктісі Медора жайлы қызықты да әсерлі оқиға көрерменін 162 жыл бойы қуантып келеді. Қоюшы хореограф Алтынай Асылмұратова Астана Опера театрының репертуарына жеңіл, шытырманға толы әрі көрермендердің мәңгілік өмірлік құндылықтар жайында толғануына мүмкіндік беретін, жарасымды әзілімен қуантып, жан рахатына бөлей алатын спектакльді қосу үшін дәл осы балет жауһарына тоқталды. Осынау хореографиялық туындыны жасау жұмыстарына театрдың барша қызметі бірнеше ай қажырлы еңбек етті. Қоюшы суретші Франка Скуарчапино 220-дан астам бірегей костюм жасаса, қазіргі заманның атақты сценографы Эцио Фриджерио спектакльдің басты декорациясы кемені жасауда үлкен жұмыс атқарды. Проекциялар бойынша дизайнер Серджио Металлидің жаңа табысы - керемет 3 D проекциялар көпшілік таңданысын тудырары анық. Қоюшы хореограф Алтынай Асылмұратованың айтуынша, спектакльді мүлдем екі түрлі әртістер құрамы әзірлеуде, әрқайсысының өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар. Қоюшы дирижер Арман Оразғалиев, қоюшы хореограф әлемге әйгілі балерина Алтынай Асылмұратова, қоюшы сценограф қазіргі заманның айтулы суретшісі Эцио Фриджерио, костюмдер бойынша суретші Оскар сыйлығының лауреаты Франка Скуарчапино, проекциялар бойынша дизайнер Серджио Металли, жарық бойынша суретші Якопо Пантани, қоюшы хореографтың ассистенттері Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Константин Заклинский және Елена Шерстнева, костюмдер бойынша суретшінің ассистенті Анна Верде, музыкалық редактор Долорес Үмбетәлиева. Басты партияларды әзірлеп жатқан өнерпаздар: Медора Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева, Әнел Рүстемова. Конрад Арман Оразов, Олжас Тарланов. Исаак Ланкедем Бақтияр Адамжан. Бирбанто Ильдар Шакирзянов, Олжас Маханбетәлиев. Сеид-паша Рахметолла Науанов, Жанәділ Бейсембиев. Гюльнара Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Басбаева, Шұғыла Әдепхан. Астана Опера театрының балет және миманс әртістері, симфониялық оркестрі. СпектакльАстана Опера театрында25 мамыр (19:00), 26 мамыр (18:00) болады.