Елорда тұрғындары мен қонақтары "Жаңғақ шаққыш" спектаклін 25, 27, 28, 30, 31 желтоқсанда тамашалай алады, − деп хабарлайды "Астана Опера" театрының баспасөз қызметі.
1844 жылы Александр Дюма-әкесі ыңғайына келтірген балеттің либреттосына Э.Т.А. Гофманның «Жаңғақ шаққыш және тышқандар королі» атты ертегісі негіз болған. Оның мағынасы мынада: балалардың рождестволық балында кішкентай Мариге сыйлыққа ойыншықтар тарту етеді. Солардың ішінен ол бәрінен де, ағаш жақтарымен жаңғақты уататын Жаңғақ шаққышты ұнатады. Түн ішінде Мариге ойыншықтарға қарсы тышқандар шабуылға шыққаны, ал ойыншықтар қорғаушыларын Жаңғақ шаққыш бастап келе жатқаны көрінеді. Сүйіктісін қорғаймын деп Мари тышқандар короліне кебісін лақтырып жібереді, Жаңғақ шаққыш-Ханзада оларға соңғы соққы береді. Қаһармандар тышқандар әскерін жеңгендеріне қуанып, билеп жатады. Барша жұрт Мари мен Ханзаданың корольдік тойына дайындалуда… Не болып қалды? Мари өзіне таныс бөлмеде оянады. Жаңғақ шаққыш әлі де оның қолында екен. Бұл бар болғаны сиқырлы ертегі еді…
Кейіпкер бастан кешетін барлық уайым аса көрнекті композитор П.И. Чайковскийдің керемет музыкасы арқылы берілген, оның орасан зор музыкалық жұмысы бидің күрделілігін талап етеді. Осы бір терең туындыны дәл түсініп, ойластырылғандай етіп жеткізу тек Юрий Григоровичтің ғана қолынан келгенін атап өткен маңызды. Ол шығарған жеке номерлер: үнсіз қыстық табиғаттың кейіпін таңғажайыппен жеткізетін қар қылауларының биі, қытайлық күлкілі «шай» биі мен «кофе» биі үлкендердің де, кішкентайлардың да бойын сезімге толтырады.
Жаңа жылдық ертегідей еліктірер тұсаукесерді әзірлеуге «Астана Операның» декорациялық цехынан бастап, техникалық бөліміне дейін барлық қызметі ат салысуда. Бутафорияны дайындаушылар соңғы жұмыстарын аяқтап, спектакль қарлы болады деп қалжыңдап та қояды. Жұқа металға негізделіп, капрон тордан жасалған қар қылауының елу жұбы сахнада жапалақтаған қарды елестетіп тұрады.
Балет әртістері өз партияларын дайындауда.
Кішкентай көрерменге арнап театр таңғы спектакльдер қояды, мұнымен қатар балақайларға қойылым алдында сыйлықтар таратылады.
Сурет: Карла Нур, "Астана Опера" баспасөз қызметі