Алыста қалған балалық шағым... ойымнан бір кетпейді. Қу соғыстың бесіктен беліміз шықпай жатқанда-ақ біздің жүрегімізге салған жарасы қаншама еді. Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап, жанға батып өтер-ау. Еш уақыт ұмытылмас. Асыр салар балғын шағымызда тағдыр біздің қабырғамызға да бар зілін салды ғой. Ауыл жақтан қоңыр салқын самал еседі. Ашқылтым иіс аңқиды. Жусанның иісі. Бәрімізге таныс иіс... Жақында Ғ.Мүсіреповатындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдертеатрындабелгілі классик жазушы Сайын Мұратбековтің Жусан иісі шығармасының желісі бойынша дайындалған Жусан иісі драмасының премьерасы өтеді. Қойылымның сахналық нұсқасын жасаған Жұлдызбек Жұманбай. Қызықты қойылмнан қапы қалмаңыздар, достар!