- Негізгі бет
- Театр
- «Жүрегімнің иесі» драмасының...
«Жүрегімнің иесі» драмасының премьерасы өтеді
Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының кіші залында 29, 30 желтоқсан күндері сағат 18.30-да жас драматург Айдана Аламанның «Жүрегімнің иесі» психофизикалық қойылымының премьерасы өтеді.
«Жүрегімнің иесі» – жас буынның туындысы. Жас драматург Айдана Аламанның пьесасы бойынша жас режиссер Әридаш Оспанбаева сахналаған қойылымда театрдың жас буын актерлері ойнайды.
Жастық шақ – сезім, махаббат әлемі. Жар таңдау, өмірлік серік табуда ең маңыздысы не? Жастардың, әсіресе, қыздардың отбасын құра алмай жүруінің себебі ше? Қоғам үшін де маңызды осы сауалдар алға тартылатын қойылымның негізгі идеясы әр адамның өз құпиясы болады, сол құпия сақталуы, әр адамның өз тағдырын кешіп шығу құқығы қорғалуы керек дегенге саяды. Ал, сіз қалай ойлайсыз, қадірлі көрермен?
А. Оралқызы