«Жизель» балетінің сахна төрінен көріне бастағанына 171 жыл болды. Екі актілі балет-пантомимосының музыкасын француз сазгері Адольф Адан жазған. Ал либретто авторлары Анри де Сен-Жоржа, Теофиль Готье и Жан Коралли.
«Жизель» балетінің сахналануына Генрих Гейне қағазға түсірген көне вилисалар туралы аңыз-әңгіме арқау болды.
Ертеде үйлену тойға дейін өмірден өткен қалыңдықтарды «Вилисалар» деп атаған. Аңызға сүйенер болсақ, түнгі уақытта өмірден өткен қалыңдықтар қабірлерінен тұрып, билейді. Қабір маңынан өтіп бара жатқан жолаушы әдемі көрініске куә болып, вилисалардың биіне қосылып кетеді. Ол әлсіреп, талып қалғанша билейді, ал вилисалар оны қоршап алады.
Оқиға Тюринги деп аталатын шағын елдімекенде өтеді. Қарапайым шаруа отбасынан шыққан Жизель есімді ару Альберт деген жігітке ғашық болады. Алайда, Альберт ақсүйек отбасынан шыққан, оның қалыңдығы бар. Мұны білген Жизель есінен адасып, қайтыс болады.
Жизельдің қазасына көне алмаған Альберт әр түн сайын оның қабірінің басына келіп тұрады. Қабір басына келген Альбертті вилисалар қоршап алады. Сүйгенін вилисалардың ажал биінен Жизель арашалап алып, өзі ғайып болып кетеді.
Балет премьерасы 1841 жылы 28 маусымда атақты театрлардың бірі Париж қаласындағы Grand Opera сахнасында өтті. «Жизель» балеті бірден көрермендердің жүрегіне жол тауып, тұсаукесер кештен кейін бір айдың ішінде жеті рет көрсетілді. Жылдың соңына дейін балет 26 рет қойылды.
Аңыз желісімен сахналанған «Жизель» балеті әлі күнге дейін көрермендердің ыстық ықыласына бөленуде. Бұл балетті Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық Опера және Балет театрының сахнасынан Досжан Табылды, София Михлина, Әмір Жексенбек, Найля Кіребаева сияқты әртістердің орындауында тамашалауға болады.
Суреттер: gatob.kz