Украинаның еңбек сіңірген әртісі Зоя Рожок көрнекті италиялық композитор Джузеппе Вердидің «Травиата» операсындағы Виолеттаның партиясын орындайды. 7 қазан күні қазақстандық вокалшы-серіктестері онымен бірге сахнаға шығып, өнер көрсетеді, Альфред Жермонның партиясын орындаушы – Юрий Городецкий. Дирижері – ресейлік Валерий Воронин.
Зоя Рожок Польша, Франция, Сербия, Словакия, Алмания, Ресей, Беларусь, Кувейт, Мальта, Кипр, Италия, АҚШ елдерінде гастрольдік сапарда болған, алайда, Қазақстанға алғашқы рет келеді.
Ол өзінің махаббаты үшін сезімін құрбан етіп, Жермонның қатал ұсынысына келісім береді. Шын мәнісінде, Травиата өзіне және өмірінің мағынасына айналған терең сезіміне адал әрі берік болып қалады, – дейді Зоя Рожок. Әнші ішкі және сыртқы қарама-қайшылығымен өте күрделі образды сезімге толы, жан тебірентерлік жанды етіп сомдау – өзі үшін өте маңызды екенін атап өтті.
– Бұл қойылым үшін лирикалық-колоратуралық сопраномның барлық ерекшелігі мен мүмкіндігін, сахналық тәжірибем мен әртістік шеберлігімді мейлінше пайдалануға тырысамын. Әйел махаббатының бар асылы мен күшін, оны өмірінің соңына дейін қорғай алатынын көрсете отырып, тыңдарманның кейіпкерімді ұнатқанын, Джузеппе Вердидің бар ынтасымен бұл кейіпкер арқылы көрсеткісі келгенін көрерменнің қабылдай алғанын қалаймын, – дейді вокалшы.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев Жорж Жермонның партиясын орындайды, Флора Бервудың рөлін Татьяна Вицинская дайындаса, Гастон – Нарұл Тойкенов, Аннина – Салтанат Мұратбекова, Маркиз д’Обиньи – Болат Есімханов, Барон Дюфоль – Евгений Чайников, Комиссионер – Нұрлыбек Қоспармақов, Джузеппе – Рамзат Балакишиев.
Астрахань МОБТ көркемдік жетекшісі және бас дирижері Валерий Воронин (Ресей) бүгінгі таңда репертуарында Дж.Вердидің ұлы туындысы «Травиата» жоқ театрды көз алдыңа елестету қиын екендігін айтып өтті.
– «Ұлы Жібек жолы» – бұл сөздер баршамызға мектеп қабырғасынан таныс. Алайда, фестивальге мұндай атау берілгенде, қазірбасқаша қабылдайсың. Мыңдаған жылдар бойы Шығыс пен Батысты өркениеттің алып ағынымен, ағысы екі жаққа тең тарайтын бірегей өзенмен салыстыруға болатын тоғыз жолдың торабы байланыстырып тұрды. Жерортатеңізінен Тынық мұхитқа дейін жалғасатын кеңістікте орналасқан әдет-ғұрпы бөлек, діні басқа, дүниетанымы әралуан халықтардың арасында бір өркениеттің екіншісімен етене араласуы, материалдық және рухани мәдениеттің өзара бітісе қайнауы жүзеге асты. Сол «өзеннен», Жібек жолынан тараған өркениеттің ықпалы, жанасып кеткен елдердің барлығын қамтыды. Сіздердің фестивальдеріңіз де халықтарды бірлікке шақырып, өзара мәдени және рухани баюды көксейтін, жарық пен жылу сыйлап, үміттерді ақтайтын орталыққа айналғанын қалаймыз, – дейді ол.