Жаңа Израиль Операсы (New Israeli Opera) – әлемге танымал өнер ордаларының бірі. Бұл театр сахнасында «Аида», «Травиата», «Риголетто», «Бал-маскарад» сияқты атақты классикалық шығармалар қойылып, репертуар жыл сайын толығады.
Өткен ғасырдың 20-жылдарында Тель-Авив қаласының тұрғындарының саны екі мыңнан асатын. 1922 жылы қаңтар айында қалада "Hebrew Opera in Eretz Israel" өнер ошағы пайда болып, келер жылдары халық санының артуына ықпал етті.
1923 жылы белгілі инструменталист Mordechai Golinkin Палестинаға жол тартып, дәл сол жылы «La traviata» операсының тұсауын кесті. Палестина Операсының негізі қаланды. Алғашқы маусымның өзінде өнер ордасы алты қойылым көрсетті. Кейін Палестина Израильге, ал Опера ұлттық мақтанышқа айналды.
1945 жылдың 13 қарашасында АҚШ-тың жас әншісі, сопрано дауысты Edis de Phillipe Израиль мәдениетінің дамуына үлес қосу мақсатымен осы елге көшіп келеді. Үш жылдан кейін негізгі труппа құрылып, Тель-Авив қаласында Израиль Ұлттық Операсының іргетасы қаланды. Өнер ордасының негізгі труппасын құру өте қиын болды. Оркестр музыканттарын жинау үшін 1,5 жыл уақыт кетті. Ал жергілікті халық арасынан жеке дауыстағы опера әншілерін табу оңай болған жоқ. 1962 жылы Мексикадан ерлі-зайыпты Placido Domingo мен Marta Ornelas опера әншілері Израильге көшіп келіп, өнер ордасының әрі қарай өмір сүріп кетуіне ықпал етті.
Израиль халқы жергілікті опера театрының болуын жылдар бойы аңсаған еді. Жаңа Израиль Операсы (New Israeli Opera) құрылған кезде, жергілікті халық өз қуанышын жасырмады. Өнер ордасының гүлденуіне әр аймақтардан келген әнші, сазгер, режиссер, әртістер өз үлестерін қосты.
1994 жылы Жаңа Израиль Операсының (New Israeli Opera) өз ғимараты ашылды. Tel Aviv Performing Arts Center ғимаратында орналасқан Жаңа Израиль Операсы әр маусым сайын өз көрермендерін туындылармен қарсы алады.
Жаңа Израиль Операсы сахнасында Ресейлік Мариин және Үлкен театры труппалары өнер көрсеткен.
Суреттер: israel-opera.co.il