«Жалын құс» («Жар-птица») балеті – Игорь Стравинскийдің алғашқы шығармаларының бірі. Балет либреттосы дайын болғандықтан, сазгер балет музыкасын жазуға тапсырыс алған. Балетті сахналауға бірқатар әдебиет және өнер қайраткерлері мен суретшілер атсалысты. Хореографиясын Михаил Фокин қойды, ал қойылым декорациясын Леон Бакст жасаған.
Стравинский өз сөзінде: «Дягилев тарапынан тапсырыс алған «Жалын құс» балетінің сюжеті мені қызықтырған жоқ. Ертегі-қиял тақырыбындағы кез келген шығармалар осы бағыттағы музыкаға зәру, ал мен мұндай музыканы аса ұната бермеймін. Сондай-ақ, бұл бағыттағы музыканы жазсам, көпшілік Римский-Корсаковқа еліктеген деген тұжырымға келеді» деп айтқан еді. «Тапсырманы орындай алмадым, сенімді ақтай алмадым» деп қорыққанмен, ол балеттің үздіктердің қатарында болатынына сенімді болды.
Орыс халық ертегісінің желісімен жазылған «Жалын құс» балетінің тұсаукесері Париж қаласында өтті. Әлемнің атақты театрларының қатарындағы Гранд-опера сахнасында 1910 жылы қойылды. Премьера үлкен аншлагпен өтіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
100 жыл бұрын жазылған классикалық шығарма дүниежүзіндегі әйгілі сахналарда қойылуда. «Жалын құс» балетінің өзгелерден басты ерекшелігі бұл шығарма ертегі әлеміне саяхат жасауға мүмкіндік береді.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/UWJ6AjlSrmA?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"330"});
Суреттер https://probalet.info, https://www.kremlin-gkd.ru, https://astoperahouse.ru ғаламтор беттерінен алынған
Форумда талқылау