Бұл театр ұжымының жайдан-жай шығарып отырған жаңалығы емес. Оның өз салмақты себебі бар. Қандай дейсіз ғой?
Испан театры ел билігінің мәдениет саласында қосымша құн салығын өсіруіне байланысты осылай жасап отыр. Кассада билет емес, сәбіз сатып жатқан олардың тірліктері әлемдік БАҚ-ты шулатуда. Алғаш бұл ақпаратты жергілікті La Vanguardia басылымы хабарлады. Театр өнерінің әртістері мен драматургтері мәдениет саласында қосымша құн салығының 21%-ға дейін өсуі жақсылықтың нышаны емес деп отыр. Оларды тыңдап, елеп жүрген үкімет жоқ. Театрсүйер қауым үшін кассадағы билет құнының көтерілуі айтарлықтай проблема болып отыр. Шаруасы нашар халық қалтасы көтермеген соң амалсыз театрға бас сұғуды қояды. Ал бұл әрекет ел мәдениетінің төмендеуіне әкеліп соғады. Осының бәрін ескерген театр ұжымы кассада сәбіз сатуға көшкен.
Әйткенмен бұл бастама қолдаусыз қалып та жатқан жоқ. Билет орнына сәбіз сату арқылы наразылық танытып жатқан театр ұжымын Бескано қаласының мэрі қолдап отыр. Сәбіз сатып алып театрға кірген адамдар алғашқы күні залды толтырған. Ал сыртта "Сәбіз таусылды" деген жазу тұрған.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: upmonitor.ru