«Гүлдер» неге солмайды?

«Гүлдер» неге солмайды?
Фото: Құндыз Алтыруова

«Гүлдер» ансамблі – тарих толқынында ғасырлардан келе жатқан қазақ халқының бай өнер мұрасы мен заманауи қазақ өнерін дәріптеуші киелі орда. Бұл жерден талай сахна саңлақтары бой түзеп, өнер биігіне қанат қаққан.

Көптеген өнер майталмандары киелі ордаға басшылық жасап, қазақ өнерінің тек қазақ емес, әлем сахналарында да тыңнан түрен салуына өздерінің зор үлестерін қосты. «Гүлдер» ансамблі сонау ХХ ғасырда жасалған жұмыстар нәтижесімен қазіргі таңға дейін өз беделін ұстап келеді. Оның құпиясы неде?

Ансамбльдің құпиясы – жас өнерпаздардың талантында. «Жас тұқымның» «үлкен гүл» болып өсуіне, гүлденуіне мүмкіндік жасау - «Гүлдер» ансамблінің ұстанымдарының бірі.

Бұл дегеніміз – аға буын өкілі мен жас таланттардың арасындағы көпір іспеттес. Киелі ордадағы өнердің талай қиыны мен қызығын, қуанышы мен қасіретін көрген аға буын өкілдерінің жас ұрпаққа берген тәлім тәрбиесі сөзімізге дәлел бола алады.

Қазақта «Ұяңда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген орынды сөз бар, тап осы сөз «Гүлдер» ансамблінің ұжымында жасалып жатқан еңбектің көрінісі секілді. Мұндағы жас таланттарды танып, оларды үлкен сахна төріне баптайтын өнер майталмандары. Осындай өнер иелерінен сабақ алған жас таланттар киелі ордадан түлеп ұшып, өнер айдынында өз орындарын тауып, бүгінгі күнде қазақ сахнасының жарық жұлдыздары болып үлгерді. Олардың қатарында Бахыт Шадаева, Мадина Садуақасова, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова сияқты біртуар өнерпаздарымыз да бар.

Жолдаған: Құндыз Алтыруова

 
Ф. Абилова