Елорда көрермені француз композиторы Морис Жаррдың «Париж Құдай Анасының соборын» «Астана Опера» театрының Үлкен залында тамашалай алады.
«Астана Опера» театры Невадағы қалада жиі қонақтайды. Және 2017 жылдың алғашқы гастролінің дәл осы жерде өтетіні, қуанарлық жағдай.
- Балеттік труппамыз Мариинский театрының сахнасында Гала балетпен өнер көрсеткен, енді біз ауқымды да күрделі спектакльді алып бармақпыз – бұл жауапкершілікті жүктейді. Әрине, сапар алдында шамалы толқу да бар. Алдымен өз сахнамызда билейтіндіктен, бойымызға жағымды күш-қуат жинап алсақ дейміз және қазақстандық көрермен бізді жылы лебізбен шығарып салғанын күтеміз. Спектакльдің тұсаукесері үлкен жетістікке ие болды, дегенмен, балет тынбай жұмыс жүргізудің арқасында пісіп жетіледі. Сахнаға шыққан сайын біз ізденеміз және жаңа көзбен қараймыз, рөлді тереңірек сезіну үшін, бұрынғыдан да жақсарту үшін қызықты идеяларды ұсынамыз. Менің партиям Эсмеральдаға келсек, кейіпкерімнің эмоциясын жеткізу үшін үнемі жұмыс істеймін, - деді «Астана Опера» театрының жетекші солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Баспаева.
Спектакльде өнер көрсететін екі құрамның әртістері: Квазимодо партиясы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейітбеков және бірнеше халықаралық байқаулардың Гран-при иегері Бақтияр Адамжан, Эсмеральданың рөлінде - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Мәдина Баспаева және Әйгерім Бекетаева, Феб – халықаралық байқаулардың лауреаттары Арман Оразов пен Олжас Тарланов, Клод Фролло - халықаралық байқаулардың лауреаттары Серік Нақыспеков, Ғазиз Рысқұлов.