- Негізгі бет
- Театр
- «Естайдың Қорланы» махаббатнамасы...
«Естайдың Қорланы» махаббатнамасы мерейтой кешіне орай сахналанады
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артистері - Сағат Жылгелдиев пен Жібек Лебаеваның 60 жасқа және шығармашылық өнеріне 40 жыл толуына арналған мерейтой кеші өтеді.
«Естайдың Қорланы» махаббатнамасы – ғұмыр бойы таза, адал да пәк ғашықтық сезімдерін аялай білген қос мұңлық – Естай мен Қорлан жайындағы қойылым-дастаны сахналанады. Авторы: Иран Ғайып. Режиссері: Мұрат Ахманов.
Қазақ театр өнерінің «Алтын қорына» енген өнер шеберлерінің театр өнерінің мерейін асырып, мәртебесінің асқақтауына атсалысып, театрдағы әріптестерінің ортасында жас ізбасарларының ағалық-аналық төгіп жүрген қос ғашықтар кешінің куәсі болыңыз.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры.
Мерзімі: 12 желтоқсан, 2014 жыл, 17.00-де.
Сурет: Театрдың баспасөз қызметі
Ф. Абилова