Барселона қаласындаTeatreneu аттыкомедия театры бар. Оның көрермендері соңғы жылдары күрт өсіп кетті. Барлығы жаңа технологияның арқасында. Teatreneuтеатры көрермендеріне әділ болу мақсатында орындықтарғаPay Per Laugh бағдарламасымен жұмыс істейтін планшеттерорнатқан. Әр орындықтағыфиксатор-камераларалдында отырған көрерменніңкүлген, жымиған, таң қалған бүкіл реакцияларын есептеп, суретке түсіріп отырады. Кейін көрермен қойылымнан шығып өзінің қанша рет күлгенін, жағымды әсер алғанын арнайы монитордан көріп, соған сәйкес ақша төлейді. Бір күлкінің бағасы 30 еуроцент, ал билеттің максимал бағасы 24 еуро, яғни 80 күлкі. Демек, көрермен 80 рет күлгеннен кейін24 еуро төлеп, әрі қарай тегін тамашалай береді. Эмоцияны тежеп, ақша үнемдеуге болады, әрине. Бірақ фиксаторды алдау өте қиын. Ол беттегі әр мимиканы бақылап, қабылдап отырады. Біздің мақалалар Telegram желісінде. Арнамызға қосылыңыз.