Антикалық мәдениетте театр өнері ерекше орын алған. Ол тек көңіл көтерудің межесі ғана болмай, қоғамға тәрбиелік мәні зор ортаның ордасы болды.
Грек театры
Б.з.б. VI-V ғасырларда Афинаның Акрополь аймағында Дионис театры салынған. Бір қызығы ол театрға бүкіл қаланың тұрғындары (17 000 адам) еркін сыятын болған екен. Жыл сайын шарап құдайы Дионистің құрметіне театрлық сайыс ұйымдастырылған. Бірінші күні бес комедиялық қойылым қойылса, келесі күндері бір тетралогиямен шектелген. Тетралогия – бұл төрт пьесаны қамтитын топтама болып табылады.
Эсхил
"Трагедияның атасы" деп бүкіл әлем Эсхилді мойындайды. Эсхил театрлық қойылымға екінші дәрежелі актерді (Девтерагонист) енгізді. Ол, сонымен қатар, сахналық сәндемені (костюм, котурн, бетперде) жасады. Б.з.б. 500 жылдан бастап Эсхил жылда өтілетін трагедиялық жарыстарға қатысып, 13 рет жеңімпаз атанған. Эсхилдің жалпы 79 трагедиясы болған деседі. Бірақ бізге оның жетеуі ғана толық нұсқада жетті.
"Жалбарынушылар" - Данаидтер туралы мифтің желісі
"Парсылар" - афиналықтардың Саламин бойында парсыларды ойсырата жеңгені
"Фивыға қарсы жетеу" - Эдиптің ұлдары Фивы қаласының билігіне таласы
"Агамемнон", "Хоэфорлар" және "Эвменидтер" пьесаларының жинағы "Орестея" трилогиясы бізге толығымен жеткен. "Орестея" желісі Микена полисінің патшасы Агамемнонның өлімі және оның ұлы Орестің кек алуын толық көрсетеді.
"Бұғауланған Прометей" - Прометейдің Олимп құдайларының рұқсатынсыз адамдарға от алып бергені үшін жазаға тартылуы туралы. Эсхилдің ең әйгілі трагедиясы.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.art-gamma.com