Ертең 20 қараша күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ драма театрында "Бес бойдаққа бір той" араға жылдар салып сүйікті көрерменімен қайта қауышады.
Көрнекті жазушы-драматург Т.Нұрмағамбетовтің "Бес бойдаққа бір той" комедиясы ұлтымыз үшін маңызын жоймайтын ұрпақ тағдыры мен оның болашағы мәселесін күлкі призмасынан қарастырады. Бес бойдақ – Қырманбай шал және оның ұлдары. Жер ортасынан ауғанда кемпірі дүние салған Қырманбай ұлдарының тұрмыс-тыныс тіршілігіне қарны ашады, сондықтан өз әулетінің ертеңіне алаңдаулы болса, ұлдары әкесін үйлендірмекке әлек.
Бүгінгі күн мәселесін ұлттық дүниетаным тұрғысынан қарастыратын, әзілге толы қойылымда әсем ән мен қазақы қалжыңдар жалпы атмосфераны жандандыра түседі.
Қойылымның қоюшы-режиссері және өлеңдерін жазған – Қазақстанның еңбе сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов, қоюшы-суретші –Ерік Әдісбек, музыкаларын өңдеген – Дидар Қаден, биін қойған – Гүзел Мұхамеджанова, режиссердің ассистенті – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс. Актерлерге тоқталып өтетін болсақ, Қырманбайды Бекжан Тұрыс, Барболды Дарханг Мусаев, Нарболды Нұрғиса Қуанышбай, Күйкетайды Әсел Сайлауова, Шүйкетайды Ажарлым Бақытжанова, Жарболды Елжан Тұрысов, Гүлбарамды Гүлшат Тутова, Маратты Азат Турарбеков, Киконы Ермек Бектасов, Мараны Әсел Әбдіхамитова, Қалдыгүлді Индира Мендібаева сомдайды.