Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры 17, 18, 19, 20 қыркүйек күндері Н.Жантөрин атындағы қазақ музыкалық драма театрында өнер көрсетеді. Ғ.Мүсірепов театры 73 жылдық тарихы бар, республикамыздағы балалар мен жастарға арналған жалғыз қазақ мемлекеттік академиялық киелі өнер ордасы бүгінгі таңда, Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан түрлі мәдени тегеурінді шараларға атсалысып, солардың ішінде, Алыс-жақын елдімекендерде өнер, театр туындыларын халыққа кеңінен ұсыну жөніндегі іс-шараларды өткізуді кәсіби міндеті санайтыны даусыз. Биылғы маусымашар кезекті күздік гастрольдік сапарын театр Маңғыстаудың Ақтау және Жаңаөзен қалаларына арнап отыр. 17, 18, 19, 20 қыркүйек сағат 11.00 және 13.00-де Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдау мақсатында жаңадан сахналанған Әріптер әлеміне саяхат ( авт. Ә.Байбол ) атты балаларға арналған музыкалық-танымдық ертегісі; 17 қыркүйек Жусан иісі( авт. С.Мұратбеков )драмасы; 18 қыркүйек Мен, ұмытылмаймын... ( авт. М.Мақатаев ) лирикалық драмасы; 19 қыркүйек Енелер мен келіндер ( авт. С.Балғабаев ) комедиясы; 22 қыркүйек Келіндер көтерілісі ( авт. С.Ахмад ) комедиясы; Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласының тұрғындары 20, 21 қыркүйек күндері қойылымдарды Мұнайшы мәдениет сарайының сахнасынан көре алады.