- Негізгі бет
- Театр
- Әйгілі Жак Аттали...
Әйгілі Жак Аттали «Астана Опера» театрында өнер көрсетеді
Жак Аттали (Jacques Attali) - француздық сарапшы, экономист, әдебиетші, L’Express журналын шығарушы, 20 тілге аударылған 50 кітаптың авторы. Жак «Астана Опера» сахнасында театрдың симфониялық оркестрімен бірге «Барлық заманға сай музыка» атты концертте өнер көрсетеді. 23 мамырда осы бір сегіз қырлы адамның шеберлігін тыңдармандар театрдың Үлкен залында тағы бір қырынан – дирижер ретінде тамашалайды.
Дүниежүзіндегі жүздеген зияткерлер қатарына жататын теорияшыл, экономикалық сұрақтар жөніндегі әйгілі кеңесші соңғы он жылда дирижерлық етумен айналысып келеді. Осы уақыт ішінде ол әлемнің ең биік алаңдарында өнер көрсетіп, Парижде, Лондонда, Иерусалимде, Шанхайда және тағы көптеген қалаларда симфониялық оркестрлермен жұмыс жасап үлгерген. Ол – музыкаға құштар, фортепианода бала кезінен ойнайды, сандаған музыкалық жобаларға қатысқан адам.
Концерт бағдарламасы толығымен симфониялық музыкаға арналады, атап айтсақ, кеште В.А. Моцарттың шығармалары – №25 симфониясы, 1 бөлімі, фортепиано мен оркестрге арналған №23 концерті, A dur, 2 бөлімі, Л. Бетховеннің жетінші симфониясы, Ж. Массненің «Медитациясы», Э. Блохтың «Дұғасы» және басқалары орындалады.
Тыңдарман назарына Жак Аттали тағы М. Равельдің «Менің Анашым-Ана қаз» циклынан «Сиқырлы бақ» пьесасын ұсынады. Аталған оркестрлік сюита – балалық шақтың әнұраны. Равель 1908 жылдың күзінде фортепианода 4 қолмен ойнауға арналған бес пьесасын Мими мен Жан Годебскийлерге – туғанындай жақсы көріп кеткен достарының балаларына арнап жазған. Балалармен жазды өткізетін Равель, оларға ғажап ертегілерді әңгімелеп беретін. Балғын балалық шақтың әсемдігін еске түсіру ниетінен туындаған музыкадағы мұндай оқиғаларды ол «Менің Анашым-Ана қаз» сюитасының бес пьесасында баяндап береді. Автордың туындысын құлақ естіп үйренбеген атаумен атауы, француз ауыз әдебиетінің көне дәстүрімен байланысты. Ана-Ана қаз есімі, бейнесі қаздың табанына ұқсас келетін, ертегі айтқыш әйелге тиесілі болған екен. Көптеген халық ертегілерін сол құрастырған деседі.
Концерт 19:00-де басталады, билет бағасы 500 теңгеден жоғары.
Ф. Абилова